Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Павлодар облысы өкілдігі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдірді.
Осыған орай облыстық өкілдіктің Әйел-қыздар секторы жанындағы «Ықылас» еріктілер тобы әйел жамағатпен бірлесіп көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар және жалғызбасты аналарға көмек қолын созды. Осы жолғы «Жүрек жылуы» қайырымдылық жобасы аясында павлодар қалалық 40 отбасыға азық-түлік пакеттері таратылды. Азық-түлікті мұқтаж жандарға мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері жеткізіп берді. Жеткізілген әрбір пакетте: күнбағыс майы, шәй, қант, пияз, картоп, сәбіз, ұн, макарон өнімдері қамтылған.
Айта кетейік, облыста «Жүрек жылуы» акциясы белсенді түрде атқарылып келеді. Бұл шара еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанша жалғасады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
10.04.2020
2812
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру