Әлемді алаңдатып отырған COVID-19 індетінің таралуын ауыздықтау мақсатында жарияланған ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Үндеуіне орай, Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан бастаған дін өкілдері мен жергілікті жамағат қайырымдылық акцияларына белсенді түрде атсалысып келеді.
ҚМДБ қызметінің басты бағытының бірі болып отырған - қайырымдылық жобасы аясында, 2 сәуірде облыс орталығындағы көтерме сауда орындарының иелері мен ақтөбелік кәсіпкерлердің атсалысуымен 100 отбасыға жалпы 2.5 тонналық азық-түлік пакеттері табысталған болатын.
Республикалық «Зекет» қорының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Сұңғат Сәметовтың айтуынша, қазіргідей төтенше жағдай кезінде осынау сауапты іс жалғасын тауып отыр. Облыс көлеміндегі орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің және Алға, Ойыл, Мұғалжар, Шалқар аудандық, сондай-ақ, Мұғалжар ауданындағы Ембі қалалық мешіттерінің Бас имамдарының ұйытқы болуымен дін қызметкерлері мен жамағат қайырымдылыққа лайықты үлестерін қосуда.
Осы аптада карантин тәртібін сақтап, үйлерінде бала-шағасына бас-көз болып отырған көпбалалы және жалғызілікті аналарға күнделікті тұтынатын ең қажетті азық-түлік өнімдері қамтылған қайырымдылық қоржындары таратылды. Өңірдегі әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы 94 отбасыға жалпы сомасы 670 000 теңге қаражат құрайтын, 2 тонна 153 келі азық-түлік жеткізілді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
10.04.2020
2831
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру