Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мұқтаждарды қолдау – маңызды міндет

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 08.04.2020 2626 0 пікір
Маңғыстау: Мұқтаждарды қолдау – маңызды міндет

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы Маңғыстау өңірінде аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарды қолдау шаралары қарқынды қолға алынды.

Күні кеше облыстық орталық және Ақтау қалалық Бекет ата мешіттерінің және ҚМДБ-ның «Зекет корпоратив қоры» Маңғыстау өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті.

–Бұл ізгі іс – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. Маңғыстаулық кәсіпкерлер де біздің өтінішімізге құлақ асып, мұқтаж жандарға жүрек жылуын аямай, көмек беріп отыр. Шара аясында 120 аз қамтылған отбасына азық-түлік таратылды, - дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.

Күнделікті қолдануға қажетті май, шекер, ұн, күріш, шәй, картоп және макарон өнімдері салынған қораптар «Жүрек жылуы»  ұранымен Ақтау қаласында тұратын отбасыларға жөнелтілді.

Әнуар Ізімбайұлының  айтуынша, мұндай ізгі шаралар осымен тоқтамақ емес, алдағы уақытта жалғасын тауып, мешіт тізімінде тұрған көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіле береді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру