Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Республикада «Жүрек жылуы» қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.
Соған орай Алматы Орталық мешіті «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасын өткізіп, әлеуметтік аз қамтылған 300 отбасыға көмек көрсетті.
Шараға «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры, «Магнум» сауда орталығы, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес орталығының қызметкерлері, Алматы Орталық мешітінің қолы ашық жамағаты мен еріктілер тобы үлес қосты.
Шара барысында Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай «Алматы тв» телеарнасына «Жүрек жылуы» акциясының маңыздылығы туралы сұхбат беріп, елдімізде орын алған уақытша сынаққа сабыр етіп, Аллаға көптен-көп дұға етуге шақырды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
08.04.2020
3735
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру