Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы Қарағандыда жалғасты

Қарағанды облысындағы өкілдіктің баспасөз қызметі 07.04.2020 2678 0 пікір
«Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы Қарағандыда жалғасты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бастау алған «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасына қолдау танытылып, Қарағанды аймағындағы игі істер ауқымды түрде жалғасты.

Қарағанды қаласының мешіттерінің және «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен, «Ana-mama» қоғамдық қорының еріктілер тобының атсалысуымен өткен игі шара жүйелі түрде жүргізілді.

Бірлескен іс-шара барысында төрт жүзден астам отбасына азық түлік таратылды. Үлестіріліп жатқан күнделікті тұтынатын тағамдар көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған, қамқорлыққа мұқтаж отбасылар мен екі жетімдер үйіне, қарттар үйлеріне жеткізілді. Қосымша мешіт тарапынан «Жастар ісі» секторы тобындағы шеберлер тарапынан тігілген ұзақ қолданысқа жарамды бетперделер берілді.

Азық-түліктер отбасы мүшелерінің санына қарай өлшеніп, жеткілікті дәрежеде берілуін бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының басшылығымен «Зекет» қорының өкілі Мұхит Джаримбетов толыққанды атқарды. Қайырымды іске кәсіпкерлер мен ынталы азаматтар да өз үлестірен қосты. Таратылған азық түліктер күріш, сұйық май, макарон өнімдері, қант, тұз, ұн, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, баклажан секілді өнімдерден жабдықталды.

Қайырымдылық негізде берілетін тағамдар шынайы көмек қажет ететін жанұяларға тиесілі болғандықтан, олардың тізімдері бойынша алдын-ала бекітіліп, карантин ережелерін сақтай отырып, үйлеріне тегін жеткізу ұйымдастырылды. Қосымша 400 отбасын қамту көзделіп отыр. Бұл шара алдағы күндері де жалғасын табады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру