Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Мешіт 100 отбасыға жәрдем берді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.04.2020 2893 0 пікір
Түркістан: Мешіт 100 отбасыға жәрдем берді

Түркістан облысының Шардара қалалық орталық мешітінде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті.

Асыраушысынан айрылған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар мен мүгедектік азаматтарға құны 15 мың теңгеден келетін азық-түлік үлестірілді. 100 отбасыны қамтуға 1 млн 500 мың теңге жұмсалды.

Айта кетейік, облыста «Жүрек жылуы» акциясы белсенді түрде атқарылып келеді. Жамағаттар жергілікті мешіттерге жылу жиып, маңайдағы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуде. Азық-түлік, тұрмыстық, гигиеналық заттар, бау-бақша өнімдері қабылдау орындарына жеткізілуде.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру