БҚО Бөрлі аудандық мешіті мен «Берекелі жамағат» еріктілер тобы бірлесіп қайырымдылық акциясын өткізді.
Дүниежүзін дүрліктірген COVID-19 індетіне қарсы елімізде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз біргеміз» атты және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық жобалары аясында Ақсай қаласындағы 30 отбасыға азық-түлік қорапшасы таратылды.
Шараға «Берекелі жамағат» еріктілер тобы белсенді түрде атсалысты. Аудан орталығында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасыларға күнделікті тұтынатын аса қажетті азық-түлік түрлері жеткізілді. 30 мұқтаж отбасыға жеткізілген әрбір пакетте: 2 литрлік күнбағыс майы, шай, қант, пияз, картоп, ұн, макарон өнімдерін қамтылған азық-түлік үлестірілді.
Мұндай қайырымдылық шаралары әлі жалғасады. Елдегі төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша, тұрмысы төмен жерлестерімізге қажетті көмек көрсету көзделіп отыр.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі
06.04.2020
3211
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру