Елімізде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Семей өңірі өкілдігі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуіне қолдау білдірді.
Осы мақсатта ҚМДБ-ның Семей өңірі өкілдігі «Зекет» қорымен бірігіп көпбалалы отбасылар, мүгедек жандар және жалғызбасты аналарға көмек қолын созды.
Өңірдегі бірнеше ауданда ірі қара құрбан малы шалынып, еті таратлды. Одан бөлек 13 тонна картоп, 2 тонна сәбіз, 2 тонна сарымсақ, 2 тонна ұн, 2 тонна макарон, 1 тонна күріш, 300 келі имбирь, 300 келі лимон, 850 литр күнбағыс майы, 800 қорап шай, 800 келі қант, 1300 дана бетперде, барлық жиыны 22 тонна азық-түлік 2015 мұқтаж отбасыға тегін таратылды. Заттарды мұқтаж жандарға мешіт қызметкерлері мен жамағаттары жеткізіп берді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
06.04.2020
2970
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру