Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: 100 отбасыға азық-түлік берілді

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 06.04.2020 2698 0 пікір
Қостанай: 100 отбасыға азық-түлік берілді

#BizBirgemiz қайырымдылық акциясы аясында облыстық мешіттің бастамасымен Қостанайдағы тұрмысы төмен, көпбалалы 100 отбасыға кезекті рет азық-түлік таратылды.

– Төтенше жағдай режимі басталғалы облыстағы барлық аудан-қала мешіттері тарапынан 600 отбасыға азық-түлік және 2740 медициналық бетперде таратылды. Тігін цехтарына 30 мың бетпердеге тапсырыс бергенбіз. Дайын болғандарын таратып жатырмыз. Бұл шара еліміздегі төтенше жағдай аяқталғанша жалғасады.

Індетті болдырмау және сақтық шаралары мақсатында мешіт жамағаты мен еріктілер азық-түлікті мұқтаж жандардың мекенжайына дейін апарып беруде. Осы акцияға үн қосып, қаржылай, заттай көмек көрсеткен барша жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз! Халқымыздың осындай жұмылған жұдырықтай береке-бірлігі арқасында барлық қиындықты еңсереміз, – деп атап өтті Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру