Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау қалалық мешітінде 100 истиғфар мен салауат дұғасы оқылды

Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі 04.04.2020 3128 0 пікір
Ақтау қалалық мешітінде 100 истиғфар мен салауат дұғасы оқылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының  еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барша мұсылман қауымын Аллаға дұға етіп, ең кемінде 100 истиғфар және ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуға шақырған Үндеуіне сай Ақтау қалалық Бекет ата мешітінде дұға оқылды.

«Басты мақсат – еліміздің Бас мүфтиінің үндеуін қолдап, жұқпалы індетке шалдыққан науқастардың тезірек айығуын Алладан сұрап, жұма күні, бесін намазынан соң, 100 истиғфар және 100 салауат айтып, дұға жасадық. Жасаған Алла халқымызға амандық беріп, жамағаттың жарқын жүзін мешітімізде қауыштыруды жазғай! - дейді Ақтау қалалық Бекет ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

Ақтау қалалық Бекет ата мешіті төтенше жағдайға көшіп, уақытша қызметін шектеген. Қазір қайырымдылық шаралары қолға алынып, аз қамтылған отбасыларға азық-түліктей көмек жеткізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру