Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

30 игі шара: Жамбыл облысында 3651 түп тал отырғызылды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 03.04.2020 321 0 пікір
30 игі шара: Жамбыл облысында 3651 түп тал отырғызылды

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында республика бойынша 30 000 түп тал егілмек.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді бабалар сөзінде. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Жоғарыдағы айтылған нақыл да, құлаққа қаншалықты қарапайым естілгенімен тал егудің адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, сауапты іс екендігінің дәлелі. Ұшан-теңіз байлықтың басы-өсімдік дүниесі екендігін халқымыз жақсы білген және ағаш өсіруді бала тәрбиелегенмен пара-пар деп санаған.

Осындай игі дүниені кезекті жоспар етіп күнтәртібіне қойған діни басқарма даламыздың көркеюіне де өз үлестерін қосуда.

Аталған 30 мың талдың 3651 түбі Жамбыл облысында егілді. Өңірдің барлық аймақтарында шырша, терек, қарағай, жеміс ағаштары, раушан гүлдері отырғызылды.

Оның ішінде Тараз қаласында 180 түп, Шу қаласында 300 түп, Шу ауданында 400, Қордайда 511, Мойынқұмда 55, Жуалыда 250, Меркіде 280, Таласта 500, Сарысу ауданында 300, Т.Рысқұлов ауданында 100 түп болса, Байзақта 280, Жамбыл ауданында 495 түп дарақ егілді.

Осы игілікте мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атсалысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі