ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында «Зекет» қорының қолдауымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы бойынша тағы бір отбасы баспаналы болды.
Еліміз бойынша 184-үйдің кілті Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны, жалғызбасты, үш баланың анасы Әлия Хамитовқызына бұйырды. Баспана кілтін жалғызбасты анаға Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Қапарұлы табыс етті.
Айта кетейік, бұл шара елімізде баспанаға мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға көмек көрсету, солардың қуанышына ортақтасу мақсатында орындалуда. Бұл сауапты іске мешітке келуші жамағаттар, қайырымды жандар үлес қосуда.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
01.04.2020
3050
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру