Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді

ummet.kz 30.03.2020 3616 0 пікір
«Нұр Астана» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді

Елорданың төрінде орналасқан «Нұр Астана» мешітінде «Біз біргеміз» акциясы аясында қайырымдылық шарасы жалғасын тапты.

Хадис-шәріпте «көршісі аш отырып, өзі тоқ болған адам бізден емес» делінеді. «Бір ағзаның мүшелері іспетті» бір-бірімен тығыз байланысты болған мұсылман қауымы қай кезеңде болмасын «бір жері ауырса, бүкіл дене сезетіндей» жанашырлығымен, қамқорлығымен ерекшеленген.

Күнімізде сындарлы кезеңді басынан өткізіп отырған халқымыз арасында мейірімі мен жанашырлығы үйлескен атымтай жомарт жандар баршылық. Сондай қолы ашық, жүрегі кең демеушілердің атсалысумен «Нұр Астана» мешітінің ұжымы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік жағынан жәрдем көрсетті. Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру