Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда ел амандығы үшін Құран хатым дұғасы жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 29.03.2020 3717 0 пікір
Атырауда ел амандығы үшін Құран хатым дұғасы жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін қызметкерлеріне мүмкіндігінше Құранды үздіксіз хатым етуге үндеген болатын.

Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде Құран хатым етіліп, Отанымыздың тұтастығы, еліміздің амандығы үшін дұға жасалды.

«Алла Тағала! Осы оқылған Құран сауабын өзіңнің разылығың үшін оқылған Құраннан ете гөр. Осы індеттің елімізден кетуін нәсіп ете гөр. Науқастанған пенделеріңе шипа бере гөр.

Барша мұсылман қауымның жасап жатқан дұғаларын қасиетті Шағбанның, қасиетті жұманың құрметіне қабыл ете гөр. Елімізді аман, жұртымызды тыныш ете гөр» деп дұға жасады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Құран аяттары елімізде төтенше жағдай аяқталғанша оқыла береді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру