Қостанай облыстық мешітіне келіп, ізгі тілек тілеушілер қатары сирер емес. Осы орайда келушілерге сақтықта қорлық болмайтыны ескертіліп, әрбір келушіге бетперде үлестірілді.
«Қазіргі таңда бетперде тапшылығы бар. Ол халықтың қалтасына қосымша салмақ түсіруде. Сондықтан мешітке келіп Алладан тілек тілеп, дұға етуге ниет еткен әрбір мұсылманға бетперде берудеміз» деді облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз тазалық пен сақтыққа ерекше мән беріп, бір-бірімізден көмегімізді аямауымыз керек. Айта кетейік, өңірдегі барлық мешітте күнделікті тазалыққа ерекше мән беріліп, қатаң бақылауға алынды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
28.03.2020
2849
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру