Елімізде карантин жариялануына байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сай мешіттердегі ақшам уағызы онлайн жүйеге көшірілді.
Осыған орай, Ақтөбе облысының Бас имамы Төлеби қажы Оспан 25 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 19.00-де «Карантин жайлы шариғатта не дейді?» тақырыбында алғашқы онлайн уағызын жүргізді.
Тікелей эфирде Төлеби Дәділұлы жергілікті жамағатқа «Карантин жайлы шариғат не дейді? Той-садақаларды өткізуге бола ма? Карантин кезінде бағаны өсірсе не болады?» деген өзекті тақырыптарда әңгіме қозғап, қарапайым көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға шариғат тұрғысынан мазмұн-мағыналы жауап қайтарды.
Сондай-ақ, қазіргі Әлемде дүрбелең туғызған коронавирустың алдын алу үшін, «Қазақстанда және көрші елдердегі жұқпалы індетке байланысты шығарған пәтуаларында не айтылған?» деген сұрақ төңірегінде нақты да жан-жақты түсініктеме берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
27.03.2020
3635
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру