Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Қиын күнде мұқтаждарға көмек берді

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті 27.03.2020 2395 0 пікір
Талдықорған: Қиын күнде мұқтаждарға көмек берді

Әр нәрсенің қайыры бар демекші, осындай қиын-қыстау жағдай басқа түскенде адамдар бір-біріне мейірім көрсетіп, рухани жақындай түсетіні көңілге қуаныш ұялатады.

ҚМДБ «Зекет қорының» Талдықорған өңіріне қарасты Ескелді және Көксу аудандық «Зекет қоры» өкілдері Талдықорған қаласына шығатын жол тосқауылында қызметте тұрған тәртіп сақшылары, санитар және медицина қызметкерлеріне ас-су апарып берді. Осындай қайырлы іске арнайы бет алған Ескелді ауданының бас имамы Мұхаммед Ордыбай мен Ескелді аудандық зекет өкілі Серік Бақмұхаммед, сондай-ақ, Көксу ауданының бас имамы Ерімбет Еділбек пен Көксу аудандық зекет өкілі Бақыт Құрманбайұлы сол жерге мұқтаж жандар жолыққан жағдайда деген ниетпен 100 дана медициналық масканы табыстап, мойындарына мол жауапкершілік артқан барлық қызметкерлерге жақсылық тілеп, алғыс айтып қайтты.

Сонымен бірге Талдықорған өңірі бойынша «Зекет қоры» Алакөл аудандық орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай «30 игі шара» жоспары бойынша «Зекет» қорының «Тайқазан» жобасының аясында 30 отбасына азық-түліктей зекет таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру