Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жамағаты «Біз біргеміз» акциясына қатысты

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 27.03.2020 2312 0 пікір
Жетісу жамағаты «Біз біргеміз» акциясына қатысты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің осынау қиын сәтте елге қайырымдылық бағытта үлес қосайық деген Үндеуіне Жетісу мешіттері жамағатының «Жақсылыққа жарысайық» еріктілер тобы да үн қосты.

Еріктілер тобының мүшесі, «Жетісу» футбол клубының қатысушысы Аслан Дарабаевтың қаржылық қолдауымен көпбалалы 30 жанұяға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы қайырымдылық тобын өзі бастап, бөлінген азық-түлікті мұқтаж отбасыларға табыстап Наурыз мерекесімен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру