Әлемге жайылған короновирус індетінің алдын алу және тұрғындарды сақтандыру мақсатында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі игілікті іске кірісті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бетперде тігетін тігін цехы іске қосылды. Осынау салауатты іске өңірдің Әйел-қыздар секторының 20-дан астам ерікті қыз-келіншегі қосылып, бетперде тігуде.
Бұл игі іс туралы ұйымдастырушылар: «Бетперде тігу жұмысы нәтижелі жүріліп жатыр. Бір тігінші 40-50 шамасында маска тігеді. Даяр болған бетперделер «Жүрек жылуы» акциясы аясында елордалық тұрмысы төмен отбасыларға жіберіледі» деп атап өтті.
Өкілдік осылайша өңір тұрғындарын тегін бетпердемен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Сондай-ақ мешіт тарапы тігіншілерге бетпердеге қажетті заттар даярлап беріп отыр. Ел басына қиындық туған осындай сәтте халық саулығы үшін сауапты іске ассалысушылардың қатары мол болғаны қуантады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
26.03.2020
2866
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру