Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бас имам «Ирбис» арнасына сұхбат берді

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 24.03.2020 2569 0 пікір
Павлодар: Бас имам «Ирбис» арнасына сұхбат берді

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық «Ирбис» арнасының «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат берді.

Бас имамның сұхбаты қазіргі әлемді алаңдатып отырған коронавирус індеті жайында өрбіді. Мұндай індеттер жайлы дініміз не дейді? Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманында мұндай оқиғалар болды ма? Қасиетті Қағба ислам тарихында қанша рет жабылды? Осы сұрақтар төңірегінде Жолдас Қоспақұлы әдемі әңгіме өрбітті. Сондай-ақ бас имам осы жағдайға байланысты шыққан ҚМДБ-ның үндеуін насихаттап, халықты сабырға шақырып, қиындықтан кейін жеңілдік болатынын тілге тиек етті.

«Өмір – сынақ мекені. Ал мұсылманның мұраты – сынақты сауапқа айналдыратын амал жасау. Ол үшін сындарлы сәтте бір-бірімізге жақсы сөз айтып, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, мол сауап алуға асығайық!

Тазалық пен имандылық – егіз ұғым. Сондықтан жұқпалы індеттің алдын алу үшін тазалық шараларына аса мән беруіміз керек. «Бақара» сүресінің 153-аятында Алла Тағала сынаққа сабыр қылған адам Алланың разылығы мен рақымына ие болатыны туралы ескерткен. Ендеше, уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға көбірек үміт артайық.  

Алла Тағала Отанымызды, күллі адамзат баласын жұқпалы індеттен аман етіп, панасына алсын! Баршаңызға Алланың амандығы мен берекетін тілеймін!» деді Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру