Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

Алматы өңірі өкілдігінің баспасөз қызметі 24.03.2020 3104 0 пікір
«Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтті

Алматы өңірінде «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен 20 көпбалалы отбасыларына азық-түлік және тұрмыстық қажет заттар табысталды.

Алла Тағала Құранда: «Сондай қайыр істегендер, бергендеріне міндетсу, ренжіту араластырмаса, (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе) оларға Раббыларының құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» («Бақара» сүресі, 262-аят) дейді. Тауар жетіспеушілігіне және қымбаттауына байланысты кейбір көпбалалы отбасылар азық-түлік және тұрмыстық заттар қиындық көріп отырған еді. ҚМДБ-ның Алматы өңірі өкілдігі жоғарыдағы аятқа сай қайыр істеп, аналарды қуантып, мол сауап арқалады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру