Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу имамдары Құран хатым дұғасын жасады

Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті taglym.kz 23.03.2020 2534 0 пікір
Жетісу имамдары Құран хатым дұғасын жасады

Талдықорған өңіріндегі дін қызметкерлері Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үздіксіз Құран хатым оқу үндеуіне байланысты аптасына 5 хатым оқып келеді.

5 топтан құрылған әр деңгейдегі 150 дін қызметкерлері 30 пара Құран хатымын тоқтаусыз оқуда.

Хатым дұғасын бағыштап, еліміздің тыныштығы мен амандығын сұрау үшін Талдықорған қаласының имамдары орталық «Иман» мешітінде бас қосты. Қасиетті Құран Кәрімді қолға алып Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін хатым дұғасын оқыды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру