Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақсайда қайырымдылық шарасы өтті

БҚО Ақсай қалалық мешітінің баспасөз қызметі 23.03.2020 2191 0 пікір
БҚО: Ақсайда қайырымдылық шарасы өтті

Наурыз мерекесіне орай БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қалалық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл толуына орай бастау алған «30 жылдық мерейтойға 30 игі шара» республикалық жобасы аясында Ә-Наурыз мерекесіне ҚМДБ-ның Ақжайық өңірі бойынша Бас имамы Мұратбек Қыстаубаевтың бастамасымен ауданның «Берекелі жамағат» еріктілер тобының қолдауымен қайырымдылық шарасы өтті.

Ақсай қалалық мешітінің бас Қанат Жакенов жомарттық.мейірімділік, шүкіршілік турасында насихат айтып, игі жобаның жалғаса беретіндігін жеткізді.

Аудан бойынша әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көп балалы аналарға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік сөмкесі берілді. Қайырымдылық шарасы басқа аудандарда жалғасуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру