Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл имамдары бас мүфтидің Құран оқу үндеуіне үн қосты (ФОТО)

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 22.03.2020 2516 0 пікір
Жамбыл имамдары бас мүфтидің Құран оқу үндеуіне үн қосты (ФОТО)

Күллі әлемді уайымға салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти барлық мұсылмандарды дұға жасауға, құран оқып, хатым түсіруге, тәһәжудке тұруға шақырған болатын.

Осы үндеуге үн қосқан Жамбыл облысының Бас имамы Қанат Жұмағұл бастаған өңір имамдары бүгін ақшам уақытында қасиетті Құран Кәрімді қолға алып, қала мен аудандардағы хафыз, қариларды жинап хатым Құран оқыды.

Құранды толықтай оқып шыққан имамдар ел амандығы, әлемге таралған пандемияның емін беруді, амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру