Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Бетперде тігіп, тегін таратты

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 21.03.2020 2781 0 пікір
Ақтөбе: Бетперде тігіп, тегін таратты

Күллі әлемді тіксіндіріп отырған короновирус індеті күн санап өршіп келеді. Осыған орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде өңірдің Әйел-қыздар секторы игі іс-шара қолға алды.

Сектор жетекшісі Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен мешіт жанындағы әйелдер діни сауат ашу курсы шәкірттері бетперде (маска) тігуді қолға алды. Олар осындай қиын уақытта аса қажетті масканы өз қолымен көптеп тігіп, жұртшылыққа тегін таратып, сауапты іске атсалысуды көздеп отыр.

Бетперделердің алғашқы 150 данасы Ақтөбе қаласы тұрғындарына тегін таратылды. Елдегі төтенше жағдай кезінде жұқпалы дертке қарсы қайрат танытқан мешіт ұстаздары бетперде тігуді үйренгісі келетін қыз-келіншектерге қол ұшып созуға дайын.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру