Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Имамдар Құранды үздіксіз хатым етіп оқуда

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 21.03.2020 3239 0 пікір
Семей: Имамдар Құранды үздіксіз хатым етіп оқуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты имам-молдаларды үздіксіз Құран хатым оқуға үндеген болатын. Осы үндеуге имамдар үн қосуда.

Семей аймағының бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған қалалық мешіт имамдары бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тілеп дұға жасады. Осыған орай Семей өңірі бойынша өкілдігі үздіксіз Құранды үздіксіз хатым етіп оқуға кірісті. Қала имамдарының арнайы құран оқу кестесі түзілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру