Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

191-пәтер қармақшылық анаға бұйырды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 20.03.2020 2210 0 пікір
191-пәтер қармақшылық анаға бұйырды

ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында республика бойынша 191-пәтердің кілті қармақшылық жалғызбасты анаға бұйырды.  

Игі шараға қатысқан Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, ҚМДБ «Зекет» қорының өңірдегі өкілі О.Жидебаев жиылған жұртшылықты келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, көпбалалы анаға жаңа пәтердің кілтін табыстады.

Сауапты шара соңы қайырымдылық акциясына ұласты. Бас имам Болатбек Абуов жиылғандарға елдегі ахуалға байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіріп, тазалық талаптарын сақтауға шақырды. Шара соңында аудандағы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған мұқтаж отбасыларға бір айлық мөлшеріндегі азық-түлік  қапшығын үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру