Бисмилләһир-Рахманир-Рахим
Құрметті Алматы қаласы тұрғындары, қадірлі жамағат!
Алматы қаласындағы карантинге байланысты, қаладағы мешіттерге қатысты төмендегідей шешімдер қабылдағанын мәлімдейміз:
1. Жұма намазы мешіттерде уақытша оқылмайды, оның орнына үйде бесін намазы өтеледі.
2. Бес уақыт намаз мешіттерде уақытша оқылмайды, жеке үйде өтеледі.
3. Жамағаттың денсаулығын сақтау мақсатында енгізілген карантин уақытында мешіттер мен дәретханалардың барлығы жабылып, мешіттердегі қызметтер уақытша тоқтатылады.
Құрметті бауырлар, Алланың разылығы үшін жоғарыдағы шешімдерге түсіністікпен қарап, әрқашан дұғада болуларыңызды сұраймыз!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы қаласы бойынша өкілдігі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
azan.kz
20.03.2020
3337
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру