Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Төтенше жағдайға байланысты дұға жасалды

Павлодар облыстық "Мәшһүр Жүсіп" мешітінің баспасөз қызметі 20.03.2020 2366 0 пікір
Павлодар: Төтенше жағдайға байланысты дұға жасалды

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты дұға жасап, құрбан шалды.

Бүгін таңда Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы бастаған қалалық мешіт имамдары бүкіл әлемді алаңдатып отырған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты Алла Тағаладан халқымыздың амандығы мен тыныштығын тілеп дұға жасады. Аталған шара алдымен қаладағы «Қарилар даярлау орталығы» медресесінің шәкірттері түсірген Құранға Хатым  оқылып, дұға бағыштаумен басталды. Дұғада еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтап, науқастанған жандарға шипа беруін, мешіттерімізді жамағатқа толтырып, халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етуін тіледі.

Дұғадан соң еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындарды сабырлық танытып, сақтық шараларын қатаң сақтау туралы насихат айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру