Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжар: Санитарлық режим күшейтілді

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.03.2020 2594 0 пікір
Қызылжар: Санитарлық режим күшейтілді

Елімізде короновирус індетіне шалдыққандар саны күннен-күнге артып келеді. Ел көлемінде жарияланған төтенше жағдайға сәйкес, халық көп жиналатын орындар уақытша жұмысын тоқтатып, санитарлық режимге көшті. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алуға қатысты үндеу жариялап, көпшілікті мешіттердегі сақтық ережелерін қадағалауға шақырды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысындағы мешіттер де санитарлық режимді күшейтті. Тәртіптер қатаң ескерілуі үшін Қызылжар өңіріндегі барлық мешітінде жамағатқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары жабыстырылды. Сонымен қатар облыстық орталық мешіттен бастап, аудан мен ауылдардағы барлық Алла үйлерінде  залалсыздандыру іс-шаралары қолға алынды. Ғимараттардағы намаз оқу залдарынан бастап, асхана, дәліздер, дәрет бөлмелері мен барлық есік-терезелер арнайы ерітінді қосылған сумен жуылып, тазартылды.  

Мешіт қызметкерлері тазалық пен санитарлық қауіпсіздік талаптарының қадағалануына  күн сайын жіті мән беріп отырады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру