Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 17.03.2020 2342 0 пікір
Семей: Мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Коронавирус қатерінің алдын алу мақсатында сақтық шаралары қолға алынып, тазалық мәселесіне баса мән берілуде. Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардың қауіпсіздігі жіті бақыланып, қатерлі дерттен сақтану шаралары жүйелі түрде айтылып келеді.

Осы орайда, ҚМДБ коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын. Қазіргі таңда құлшылық ордаларындағы тазалық пен қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалануда.

Аталған талап аясында бүгін Семей өңірі бойынша мешіттерде арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордаларының көптеген жеріне медициналық тазартқыш сұйықтықтар орнатылды. Атап айтқанда, қызметтік бөлмелер мен діни заттар дүкеніне, дәретхана мен асхана аумақтарына сұйықтық құрылғылары қойылып, келуші жамағатқа да тазалық сақтау талаптары таныстырылды.

Коронавирус дертінен қорғану үшін сақталуы қажет болған гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар ұсынылды. Еліміздің Бас мешіті бастаған залалсыздандыру шарасы қазіргі уақытта республика бойынша барлық мешітте жалғасуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру