Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Басты мақсат – халық саулығын сақтау

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 17.03.2020 2615 0 пікір
Атырау: Басты мақсат – халық саулығын сақтау

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.

«Бұл жағдай елімізде, сонымен бірге, әлемде орын алған қауіпті ахуалға байланысты туындап отыр. Қазақта «Сақтансаң, сақтармын» деген керемет тәмсіл бар. Алла Тағала адам баласына оның өмірі мен денсаулығын аманат етіп тапсырған. Қазіргі жағдайда мешіттерде жамағат болып намаз оқуға уақытша тоқтатылып отыр. Яғни мешіттерде бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ, бес уақыт намазды әркім өз үйінде оқығаны дұрыс.​

Сол сияқты, жұма намазын да жамағат болып оқуға әзірге шектеу қойылып отыр. Бұл пәтуа​ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің бүгінгі отырысында қабылданды. Басты мақсатымыз –​ халық саулығын қамтамасыз ету» деп нақтылады өз сөзінде Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.​

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру