Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Мешіттерде сақтық шарасы күшейтілді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі 17.03.2020 3003 1 пікір
Маңғыстау: Мешіттерде сақтық шарасы күшейтілді

ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов жұма намазын және бес уақыт намазды уақытша тоқтату туралы мүфтият жариялаған пәтуаға байланысты түсінік берді.

«Мұндай шұғыл шешім біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде пайда болып отырған қауіпті аурудың өршуіне байланысты қабылданып отыр. Мемлекетіміз үшін де, асыл дініміз бойынша да адамның өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Осыған орай, Маңғыстау мешіттерінде бүгіннен бастап жамағат болып намаз оқуға уақытша тоқтатылады.

Мешіттер қызметін жалғастырып, бес уақыт азан шақырыла береді. Бірақ жамағатқа бес уақыт намазды әркім өз үйінде оқығаны жөн екендігі түсіндіріледі. Қасиетті жұма намазын да жамағат болып оқуға әзірге шектеу қойылатын болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бүгінгі шешімін құптай отырып, мешіттерде сақтық шарасын күшейтеміз. Мешітте тұрғындардың топтасуының алдын алып, тазалық жұмыстарын толыққанды атқарамыз» дейді Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов.

Пікірлер (1)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру

Sultan Sultan | 17.03.2020 01:51

Жұма намазға шектеу қойылмасын оқуға рұқсат берілсін. Алла дан қорқыңдар, басшылардан емес. Кішкентай ғана вирустан қорықпаңдар. Олда Алланың сынағы ғо. Қытайлардың режимін кешіп кетпейік. Қытайларды кіргізбесін қуып елден шығарып жіберу керек.