Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе мешіттерін залалсыздандыру жалғасып жатыр

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 16.03.2020 2373 0 пікір
Ақтөбе мешіттерін залалсыздандыру жалғасып жатыр

12 наурызда коронавирустың алдын алу шараларына қатысты ҚМДБ Үндеуі жарияланғаны көпке мәлім. Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспанның ұйытқы болуымен ҚМДБ Үндеуін өңірдегі имамдар қызу қолдап, сауапты іске белсенді түрде үн қосуда.

Өткен жұма намазында қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің имамдары Үндеуді жергілікті жамағатқа жеткізіп, ретімен түсіндіріп, бірқатар сақтық шараларына мән беруге шақырды.

Сенбіде «Нұр Ғасыр» мешітінде қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатхананың іші толығымен залалсыздандырылды. Сондай-ақ, дезинфекциялау жұмыстары Ақтөбе қалалық орталық мешітінде, «Бақытжан» және «Нұрдәулет» мешіттерінде, Мұғалжар аудандық орталық «Нұртай» және Ембі қалалық «Нұр» мешіттерінде, облыстағы басқа да мешіттерде ыждағатты түрде жүргізілді.

–Үндеуде айтылғандай, «әр адам өз отбасына, ұжымына, туған-туыстарына жауапты тұлға болғандықтан, әрқашан сақтық шараларын жасауы тиіс». Халық даналығына сүйеніп, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал, - дейді аймақтың бас имамы Т.Оспан.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру