Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіттер күшейтілген санитарлық режимге көшті

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 16.03.2020 2616 0 пікір
Атырау: Мешіттер күшейтілген санитарлық режимге көшті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінен бастап, аймақтағы барлық мешіттерде жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, келуші жамағатқа да тазалық сақтау талаптары таныстырылуда. Коронавирус дертін болдырмау мақсатында ұсынылған гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар ұсынылып отыр.

Еске сала кетелік, бүгінен бастап елімізде Президент Жарлығымен төтенше жағдай енгізілді. Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирустың алдын алу шараларына қатысты үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанда аталмыш пандемияға шалдыққандар саны тоғыз адамға жетті.

«Қалыптасқан ахуалға орай, санитарлық тазалық жұмыстары енді Атырау мешіттерінде үздіксіз жүргізіліп тұратын болады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру