Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы мешіттерінде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 16.03.2020 2435 0 пікір
Алматы мешіттерінде дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді

Кеше Алматы қалалық мешіттерінде қажетті дезинфекциялық шаралар жүргізіліп, ғибадатхананың іші толығымен залалсыздандырылды.

«Құрметті жамағат, қала тұрғындары! Сіздерді, ҚМДБ Үндеуіне сай хәрекет жасап жатқан алматылық имамдарды қолдай отырып, төменде келген бірқатар сақтық шараларына мән беруге шақырамыз: мешітке бетперде (маска) киіп келу; Намаздан тыс мешітте топтаспау; Мешітке үйден дәрет алып келу; Мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау; Намаздан кейін көп кідірмей, мешіттен шығу. Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу және қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспауы.

Алдағы кезде уақытша Жұманың қазақша уағызы айтылмайды. Намаз уақыты кірісімен, жұма намазы оқылатын болады. Жамағатпен тәспих тартылып, дұға жасалынбайды. Бұл тек жұма намазына қатысты. Қалған намаз уақытында ішкі тәртіппен жүретін болады.

Алла баршамызды ауру-сырқау мен қауіп-қатерден сақтасын. Әмин!» - делінген azan.kz сайтында.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру