Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 15.03.2020 3199 0 пікір
Жамбыл: Мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Әлем жұртын алаңдатқан алып індет коронавирус күн санап өршіп келеді. Пандемияның жайылуының алдын алу шараларына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы үндеу жариялап, сақтық шараларын күшейтуге шақырған болатын.

 Осыған орай, Жамбыл облысының барлық мешіттерінде аурудың алдын алу шаралары басталды. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінен бастап арнайы залалсыздандыру (дезинфекция) жұмыстары жүргізіліп, құлшылық ордасының көптеген жерлеріне медициналық тазартқыш құралдары орнатылды. Есіктің тұтқалары, текпешек тұтқасы сынды барлық жерлер хлорланып, дәкемен оралды, сұйық су сабындар белгіленген жерлерге қойылды. Гигиеналық ережелер жазылған арнайы парақшалар жабыстырылып, қажетті мағлұматтар келушілерге ұсынылды. Намаздағы, жұма уақытындағы сақтық шаралар жайлы ескертілді. Жамағатқа арналған бетперде үстелі орнатылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру