Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Үржар ауданының бас имамы тағайындалды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі semey-meshet.kz 15.03.2020 2754 0 пікір
Семей: Үржар ауданының бас имамы тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Үржар аудандық мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды. Ендігі аралықта бұл абыройлы міндетті білікті дін қызметкері Ұлан Шрайнбеков атқарады.

Ұлан Ермекұлын үржарлық жамағат алдында Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов таныстырды. Асқар Әбітайұлы сонымен қатар бас мүфтидің жаңа тағайындау туралы бұйрығын да көпшілік алдында оқып берді.

Айта кетсек, Ұлан Шрайнбеков осыған дейін Семей қаласындағы Төлеубек қажы мешітінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен болатын. Діни қызмет саласындағы тәжірибесі де, жетістіктері де мол.

Ал, Үржар ауданының бұрынғы бас имамы болған Нұрзат Қасымұлына жамағат ұзақ жылдар бойғы қызметі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, ризашылықтарын білдірді. Ендігі аралықта Нұрзат Қасымұлы жаңа қызметін Семей шаһарындағы Төлеубек қажы мешітінде жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, өңірдің бас имамы Асқар Әбетайұлы үржарлық жамағат алдында әлемді алаңдатқан коронавирус індетінен сақтану мақсатында діни басқарманың нұсқауымен, жұма намазын оқуға байланысты уақытша енгізілген өзгерістермен таныстырып, бұл күні мешіттерде орындалатын кейбір сүннет, мұстахаб амалдарды шектеу керектігін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру