Бүгін – Көрісу күні. Бұрын еліміздің батыс аймақтарында ғана аталып өтетін Көрісу күні бүгінде жалпыхалықтық мерекеге айналып келеді.
Атаулы мереке қарсаңында Алматы облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылының тұрғыны, 17 жыл бойы бөтен біреуідің баспанасын жалдап күн кешіп келген жалғызбасты ана Сәбира Тоққожақызына үйдің кілті табысталды.
Осыған орай ҚМДБ Талдықорған өңіріне қарасты Алакөл аудандық орталық мешітінде арнайы шара өтті. Баспана кілтін үй иесіне ҚМДБ «Зекет» қорының Талдықорған өңіріндегі өкілі Серік Құсайынұлы табыстады.
Бұл – «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша Талдықорған өңірінде берілген 52-баспана, ал республика бойынша берілген 190-баспана болып отыр. Осындай жақсы үрдіс қалыптастырған сауапты жобаның жалғаса беруіне үлес қосар жомарт жүректі жандар қатары арта берсін! Көрісу күні құтты болсын!

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі
14.03.2020
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру