Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сыр өңірінің мешіттерінде санитарлық режим енгізілді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 13.03.2020 2778 0 пікір
Сыр өңірінің мешіттерінде санитарлық режим енгізілді

«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала және аудан орталықтарында орналасқан мешіттердің бас имамдарының қатысуымен  шұғыл жиын өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Сыр өңірі бойынша бас имамы Болатбек Ұласқанұлы ҚМДБ тарапынан келген бірқатар тапсырмаларға сәйкес,  бүкіл әлемді алаңдатып отырған «2019-nCoV» жұқпалы ауруын алдын-алу мақсатында мешіттерде санитарлық режим  енгізілгенін хабарлай отырып, шұғыл түрде барлық мешітте залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.  Және де мешіттерде тазалық талаптары қатаң сақталып, мешіттің ішкі тәртібі бұзылмауын ескертті. ҚМДБ тарапынан берілген сақтық шараларын халыққа кеңінен түсіндіріп, мешіттердегі сабақтар мен уағыз-дәрістерді онлайн режимде өткізу керектігін, өткізілген сабақтар мен дәрістер whatsApp мессенджерінде құрылған топтарда мешіт жамағаттарына жіберіліп отыруын, жалған ақпараттар таралмауының алдын алу мақсатында әрбір қала, аудан, ауыл имамдары әлеуметтік желілерде де белсенділік танытып, дер кезінде жауап беріп отыруын, теріс пиғылды адамдардың  ел арасында дүрбелең туғызбауын қадағалауды  қатаң тапсырды.

Сонымен қатар, теріс ағыммен күрес жұмыстары бойынша 21 имамнан құралған ЖАНТ мүшелерінің І-тоқсанда атқарған есебін тыңдап, деструктивті діни ағым өкілдерімен үгіт-насихат жұмыстарын күшейту, жат ағым жетегінде кетудің алдын-алу шараларын көбейту мәселелері бойынша түрлі форматтағы жұмыстар жүргізілу керектігін айқындап, жүзеге асырылуын тапсырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру