Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Павлодарлық құс фабрикасы тексерілді

Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 13.03.2020 2521 0 пікір
«Халал Даму»: Павлодарлық құс фабрикасы тексерілді

Павлодар өңіріне арнайы іссапармен барған ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің бас технологы Айжан Омарова мен ветеринар маманы Данияр Сафиев және «Халал Дамудың» жергілікті өңірге жауапты маманы Какенов Қазбек «Қызылжар құс» құс фабрикасында кезекті тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Білікті мамандардың қатысуымен өткен бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, конвейрде айналу ұзақтығы, сулы ванна температуарсы (ошпарка), салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процесстің ҚМДБ халал стандарт талаптарына сәйкестігі анықталды.

Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарын бұзушылық жайттары анықталмады.

Тексеріс соңында, мамандар «Қызылжар құс» кәсіпорны басшылығына халал индустриясын дамытуға қосқан еңбектеріне жеміс тілеп, халал өнімді тұтынушылардың ризашылығын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру