Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Аналарға құрмет көрсетті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 12.03.2020 2299 0 пікір
Қостанай: Аналарға құрмет көрсетті

Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің ұйымдастыруымен түрлі ұлт өкілдерінен құралған ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетілді.

«Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Әжімахан жиналғандарға рухани дәріс оқыды. Аналарға көкейде жүрген сауалдаға жауап алуға мүмкіндік туды. Сондай-ақ құрметке бөленген жандарға мешіт ішіндегі мұражай көрсетілді. Мұражайдағы қасиетті Құрандар және кисуалардың тарихы баяндалды. Бұдан бөлек барлық аналарға сыйлықтар табыс етілді. Аналарға арнап дастарқан жайылып, жылы лебіздер білдірілді.

Әйелдер қауымын аудандық мешіттің алқа мүшесі Кенесары Омарұлы, жеке кәсіпкер Меңдібай Мәзитұлы құттықтап, мықты денсаулық, отбасында бақыт тіледі. Ғазиз аналар дән риза болып, бас имамға, ұйымдастырушыларға алғысын жаудырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру