Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бас имам «Өнер қырандарын» марапаттады

asyldin.kz 11.03.2020 3245 0 пікір
Тараз: Бас имам «Өнер қырандарын» марапаттады

«Баласағұн» орталық концерт үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен ғибраты мол, әзілінің астары шындықпен, саналы ойға көмкерілген «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке – 6» атты кеші өтті.

Алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындықты Ережеп пен Шағбан айларынан бастауды жөн көрген мешіт қызметі осынау айтулы мерекелік кешке халықты шақырды. Өйткені, иманыңа рух, ойыңа ақыл беретін мәдени жиында түрлі шариғи тақырыптарда көріністер, ән-термелер қойылды, айтылды.

Концерттік жиын бір күнде 2 сеанспен көрерменге жол тартты. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Қанат Жұмағұл мерекелік жиында сөз сөйлеп, келе жатқан Рамазан айы, Наурыз мерекесі жайында тілге тиек етті. Игілікті насихаттайтын жас театрға жылы лебіз білдіріп, жетістіктер мен жеміс тілеп, алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру