Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл тұрғындары мешіт асханасын жөндеп жатыр

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 11.03.2020 2563 0 пікір
Ауыл тұрғындары мешіт асханасын жөндеп жатыр

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы бірқатар мешіттерде халықтың игілігіне айналар жұмыстар атқарылып жатқандығы қуантады. Атап айтқанда осы аудандағы Құсмұрын елдімекенінің 105 отбасы бірігіп, ауылдағы мешіттің асханасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Болашақта бұл асханада дүниеден өткен кісінің жаназа асы, қырқы, жылы секілді рәсімдер өткізілетін болады. Жөндеу барысында асхананың төбесіне ерекше назар аударылды. 100 литрге лайықталған су ысытатын жаңа бойлер, 2 газ плитасы қойылды. Еденге линолеум төселіп, ыдыс қоятын стеллаждар жасалды.

Осылайша «Хақ» мешітінің жанашыр жамағаттары барлық жөндеу жұмыстарын өздері ұйымшылдық көрсете отырып, атқаруда. Бұл жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынының жарқын дәлелі емес пе?!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру