ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс мешіттері жамағаттары арасында шағын футболдан достық кездесу өтті.
Жамағат арасында бірлікті арттырып, толеранттылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарыста облыс мешіттері жамағаттарынан құралған 19 команда сайысқа түсті.
Төрешілер шешімі бойынша теңбіл доп алаңында озық ойын көрсеткен «Жәрімбет ата», «Айтбай» және «Ақмешіт-Сырдария» мешіттерінің құрамалары сәйкесінше жүлделі І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарды қанжығаға байлап, жеңімпаз атанды.
Тартысты ойын соңында Сыр өңірінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы жүлдегерлерді құттықтап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
11.03.2020
2732
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру