Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада ұлттық құндылықтар насихатталған отбасылық байқау өтті

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі muslim.kz 10.03.2020 2803 0 пікір
Елордада ұлттық құндылықтар насихатталған отбасылық байқау өтті

Көктемнің алғашқы аптасымен келіп жеткен айтулы мереке – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қыз – еркем, қылығымен көркем»  атты  әйел жамағатына арналған отбасылық байқау өтті.

Айтулы шараға аталмыш мекеме басшылары арнайы қатысып, құттықтау лебіздерін білдірді. «4 апта – 4 қадам» кешенді жобасының «Мәдениет» аптасына сәйкес ұйымдастырылған отбасылық байқаудың басты ерекшелігі қатысушылар аналар 6-8 жас аралығындағы қыздарымен жұптасып өз өнер көрсетіп, тәрбие сабақтастығын паш етті.

Ұлттық құндылықтар насихатталып, отбасы мәртебесі дәріптелген байқауға  белгілі қоғам қайраткері, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразкүл Асанғазықызы, ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі Ақбөпе Тілегенова,  Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева, «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Ақтай ханымдар арнайы шақырылып, отбасылық байқаудың жеңімпазын анықтауға тырысты.

Қазылар алқасының ортақ ұйғарымы бойынша, отбасылық байқаудың жеңіс тұғырынан Айланыш Аманбайқызы және қызы Әмина табылды. Ал, Отаева Айгерім және қызы Сараға жүлделі ІІ орын бұйырса, Сариева Динара және қызы Кәусар ІІІ орынды иеленді.

Мерекелік шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, берекелі басқосу кофе-брейк дастарханына жалғасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру