ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен көпбалалы аналарға кезекті қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бас имам Болатбек Ұласқанұлы аналарды Қасиетті Ережеп айымен және көктемнің шуақты мерекесімен құттықтай келе, мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, демеу болу – мешіт қызметкерлерінің басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар сабырлық турасында насихат айтып, жоқтыққа қарамай баласына барын беріп жүрген батыр аналарға алғыс білдірді. Шара соңында әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға бір айлық азық-түлікті үлестірді.
Қайырымдылық көмек алған көпбалалы аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
10.03.2020
3114
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру