Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай облыстық онкологиялық диспансеріне барды.
Ондағы мақсат науқастанған әйелдер қауымына құрмет көрсету. Сол жерде емделіп жатқан 15-тен аса әйелге арнайы гүл шоқтары таратылып, жазылып шығуларына тілектерін білдірді.
Бұл олар үшін күтпеген қуаныш болды. Оларға бас имам Шоқан Ғазизұлы жүрекжарды лебізін білдіріп: «Барлық аурудың еміне шипа Жаратушы Иеміз екендігін хақ. Сіздер үшін тез арада сауығып отбасыларына оралуларыңызды Алладан сұрап дұға етеміз» деді.
Осындай игі шара науқастанған жандардың көңіліне ерекше әсер етіп, баршасын бір қуантып тастады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
10.03.2020
2901
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру