«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының екінші ағымына қатысқан шәкірттерге сертификат табысталды.
Айта кетейік, өкілдік жанынан Қазақстан республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен ашылған «Шебер әйел» қолөнер орталығының алғашқы шәкірттеріне желтоқсан айында сертификат табысталған болатын.
Сертификат табыстау рәсіміне облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Жеңіс Маткаримов, «Әйелдер-қыздар» секторының аймақтағы жетекшісі Ләззат Сыдықова және «Шебер әйел» қолөнер орталығында ұстаздық қызмет атқарған Перизат Ашықбаева қатысты.
Шарада шәкірттер «әйелдің базалық киімдерін тігу технологиясы» бойынша өткен 3 айлық тігін курсында өз қолдарымен тіккен киім үлгілерін көрсетіп, нәтижелерімен бөлісті.
Наиб имам Жеңіс Әбибуллаұлы шәкірттерді құттықтай келе орталықтың кезекті бітірушілеріне сертификат табыстады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
10.03.2020
3406
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру