Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ХХІ ғасыр ата-анасы: Өз балаңа үлгі бол» атты семинар-тренинг өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 09.03.2020 2933 0 пікір
«ХХІ ғасыр ата-анасы: Өз балаңа үлгі бол» атты семинар-тренинг өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасыр ата-анасы: өз балаңа үлгі бол» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Қоғамдық тәрбие, білім, өнеге мәселесі өзекті болып тұрған шақта сектор жанынан құрылған «Асыл аналар» мектебінің сөзі дәйекті, ісі үлгілі мүшелері бас қосқан жиынға медицина саласының тәжірибелі маманы Ешмұратова Мұхит, 38 жыл ұстаздық қызмет атқарған Дүйсенғалиева Бағымкүл, кәсіпкер Шалбаева Райхан, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, мектеп төрайымы Ыбырайымова Күлән және қала мешіттерінің әйелдер жамағаты қатысып, ананың бала алдындағы міндеттері, отбасылық мәселелер және исламдағы бала тәрбиесі жөнінде ой қозғады. Сонымен қатар, Алла Тағалаға мадақ айтылып, жыр-дастаннан үзінділер оқылды.

Шара соңында сектор жетекшісі қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, сый-сияпаттар тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру